Үндістанда «қара зең» жұқтырғандар күн санап көбейіп барады

0 8

Үндістанда пандемиямен қатар, «қара зең» ауруы халықты әбден әрі-сәрі етті. Елде қазірдің өзінде «қара зеңді» 9 мыңға жуық адам жұқтырып үлгерген.

Қауіпті инфекцияны жұқтырғандардың 50%-ы ажал құшады екен. Өкінішке қарай, дәрігерлер бұл ауруды жұқтырған мыңдаған адамның бір немесе екі көзін де алып тастауға мәжбүр болды. 54 жастағы Анила Ванкхеда есімді ер адам COVID-19 жұқтырып, ауруханадан емделіп шыққаннан кейін басы ауырып, оң көзі ісіп кеткен. Кейін оған мукормикоз диагнозы қойылған. Дәрігер оны емдеунің жалғыз жолы көз қуысы мен оң көзді алып тастау екенін айтқан.

Айта кетейік, инфекцияны жұқтырғандардың көбі елдің батысындағы Гуджарат және Махараштра Штаттарында тіркелуде. Бүгінгі таңда «қара зең» Үндістанның 29 штатында анықталған. Алайда, дәрігерлер медициналық құрал-жабдықтармен қоса, емдік дәрі-дәрмектердің аздығынан бұл індеттің етек жая бастағынан айтады. Егер науқастар уақтылы және дұрыс емделмесе, онда өлім көрсеткіші 94%-ға дейін өсуі мүмкін.

egemen.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.