Үш балуан жол апатынан қаза тапты

0 1

Дүйсенбі күні сағат 06:40 шамасында «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» республикалық маңызы бар автожолының 193-шақырымында «МАЗДА-323» маркалы автокөлігінің 21 жастағы жүргізушісі Алматы қаласынан Тараз қаласына  бағыт алып  келе жатып, рульді басқара алмай,  нәтижесінде  көлігі жолдың оң жақ жиегіне аударылған.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан екі жолаушы оқиға орнында қайтыс болды, олардың біреуі – еркін күрестен спорт шеберлігіне үміткер.

Қордай ауданының орталық ауруханасына әртүрлі  дене жарақаттарымен үш ер адам жатқызылды, келесі күні ауруханада 24 жастағы еркін күрестен спорт шебері қайтыс болды.

Аталған дерекке қатысты  ҚР ҚК 345-бабының 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Сондай-ақ, сот-медициналық және  көлік құралының техникалық жағдайын зерттеу сараптамасы тағайындалды.

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.