Үй қызметшісі сейфтен 56 млн теңгені ұрлап кеткен

0 1

Атырауда үй қызметшісі болып жұмыс істеген әйел пәтердегі сейфтен 56 миллион теңгені ұрлап, Шымкент қаласына кетіп қалған.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 28 наурызда сағат 00:22-де Атырау қаласының 46 жастағы тұрғыны «102» операторына хабар берген.

«Шағымданушы 26-28 наурыз аралығында белгісіз адамдар пәтерге еркін кіріп, сейфтен 56 миллион теңгесін жымқырғанын айтқан еді. Осы дерекке байланысты криминалдық полиция қызметкерлері күдіктіні анықтау үшін жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізді», деді облыстық полиция департаментінің бастығы, полиция полковнигі Қамза Үмбетқалиев.

Полицейлер жәбірленушінің пәтерінен қомақты ақшаны ұрлаған күдіктіні анықтады. Күдікті – үй қызметшісі болып жұмыс істеген 1979 жылы туған әйел. Ол Шымкент қаласында ұсталды.

egemen.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.