Үйленемін деп басы бәлеге қалды

0 116

Алматы облысы Жаркент қаласындағы тойханалардың бірінде полиция қызметкері үйлену тойын өткіземін деп басы бәлеге қалды. 22 ақпандағы қуаныштың суреттері қазір  Dyshi_zharkent Instagram парақшасында желдей есіп жүр.

Алматы облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі аталған  оқиғаға байланысты тексеру басталғанын мәлімдеді.

«Үйлену тойын ұйымдастыру туралы ақпарат расталды. Қазір іс-шара ұйымдастырушыларын ҚР ӘҚБтК -нің 425-бабында көзделген жауапкершілікке тарту үшін жиналған материал санитарлық-эпидемиологиялық қызметке жіберілді», – деп нақтылады баспасөз қызметі.

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.