"Нұр Отан"

Үздік әлеуметтік жобалар іріктеледі

«Нұр Отан» партиясының бастамасымен бірер жылдан бері елімізде «Қазақстанның үздік әлеуметтік жобалары» байқауы жанданып келе жатқаны белгілі. Биыл да бұл үрдіс үзілмей, өз жалғасын тауып отыр. Бұл жайында бұқаралық ақпарат құрылдары өкілдерінің қатысуымен өткен баспасөз мәслихатында партия Тараз қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Арын Асқарбеков айтты.

– Өңірлік кезеңнің жеңімпаздарын іріктеу тиісті комиссиямен ағымдағы жылдың 1-15 шілдесі аралығында өткізіледі. Ал, аумақтық кезеңнің жеңімпаздарын анықтау 16-30 шілде аралығында ұйымдастырылады. Іріктеудің өңірлік кезеңінде үш жүлделі орынға дейін белгіленген. Дегенмен, тек бірінші орын иегері ғана аумақтық кезеңде бақ сынауға мүмкіндік алады. Онлайн дауыс беру партия мен министрліктің ғаламтор ресурсында 20 тамыз – 20 қыркүйек аралығында жүргізіледі, – деді Арын Ілиясұлы.

Жалпы, аталған байқау өмірлік қиын жағдайға тап болған тұлғаларға қызмет көрсетуге бағытталған. Сонымен қатар, өзекті әлеуметтік мәселелерді шешуге де басымдық беріледі.

Саятхан САТЫЛҒАНОВ

ПІКІР