1 000 теңгелік банкноттар айналымнан алынады

0 22

Алдағы 3 наурызда 2006 жылғы үлгідегі номиналы 1 000 теңгелік банкноттарды айырбастау кезеңі аяқталады. Бұл туралы ҚР Ұлттық банкі хабарлады.
«2006 жылғы үлгідегі номиналы 1000 теңгелік банкноттарды айырбастау 2017 жылдың 2 наурызында басталды. Енді ол 2021 жылдың 3 наурызына дейін жалғасады. Көрсетілген мерзімнен кейін Ұлттық Банктің филиалдары аталған банкноттарды қабылдау мен айырбастауды тоқтатады», – деді ведомствода.
Банкноттарды қолданыстағы ақшаға айырбастау тек Ұлттық Банктің филиалдарында жүргізіледі. Аталмыш банк филиалдарының мекен-жайы мен байланыс телефондары Ұлттық Банктің сайтында көрсетілген.
Сондай-ақ, Ұлттық Банктің 1477 нөміріне хабарласып, байланыс-орталығынан өзге де сұрақтарға жауап алуға болады.
Тағы ескерерлік жайт – 1 ақпаннан бастап Ұлттық банктің филиалдары 2006 жылғы үлгідегі номиналы 2000, 5000 және 10 000 теңгелік банкноттарды қабылдауды, айырбастауды тоқтатты.

Leave A Reply

Your email address will not be published.