1 сынып оқушылары латын графикасына негізделген әліпбимен оқиды

0 11

2023 жылдан бастап 1 сынып оқушылары латын графикасына негізделген қазақ әліпбиімен оқиды.
«Өздеріңізге белгілі, жақында Үкімет жанындағы Ұлттық комиссияда жетілдірілген латын графикалы қазақ әліпбиі қаралып, мақұлданған болатын. Ғалымдарымыз бұл бағытта 1,5 жылдан астам уақыт бойы жұмыс істеді. Әліпби бүкіл республика бойынша ашық талқыланып, сынамалар, бейімдеу жүргізілді. Сөйтіп, әліпбиіміздің жазылуы, оқылуы, қолданысы жан-жақты зерделенді. Бұл әліпби алдағы уақытта Президент қарауына ұсынылады. Бекітілген жағдайда алдағы уақытта кестеге сәйкес кезең-кезеңімен латын әліпбиіне көшу жұмыстары жүргізіледі», – деді ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты комитетінің төрағасы Әділбек Қаба «Мемлекеттік тіл – халықты ұйыстыру құралы» тақырыбындағы отырыста.
Комитет төрағасының айтуынша, латын графикасына негізделген қазақ әлібиін жетік білетін мұғалімдер даярланып, орфографиялық, орфоэпиялық сөздіктер, анықтамалар әзірленіпті. Жаңа әліпбимен 2022 жылы балабақшада тәрбиеленуші балалар оқи бастайды. Яғни, 2031 жылы латын графикасына негізделген қазақ әліпбиінде білім алған алғашқы түлектер мектеп бітіреді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.