109 нөміріне қоңырау шалсаңыз денсаулық жағдайыңызға байланысты тегін кеңестер береді

0 2

Коронавирустың жеңіл формасын өткеріп жатқан және жедел респираторлық вирустық инфекцияға шалдыққандарға үй жағдайында медициналық көмек көрсету үшін 8 шілдеден бастап Тараз қаласында дәрігерлердің онлайн-кеңесі жүйесі өз жұмысын бастады.

Бұл жүйе облыс əкімдігінің денсаулық сақтау басқармасының қолдауымен іске қосылып отыр. Енді азаматтардың денсаулық жағдайына байланысты шағымдарына қарай өңірдің білікті дəрігерлері науқастарға күн сайын ертеңгі сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін тегін кеңес беріп, ем-шараларын тағайындайды. Ол үшін бар болғаны 109 нөміріне қоңырау шалу қажет. Ал байланыс операторлары автоматты түрде желіге қажетті маманды қосып береді. Осылайша сіз ауру белгілеріне сай қандай ем қабылдау керегін біліп, егер дəріханадан іздеген дəрі-дəрмекті таппасаңыз, оны алмастыратын анологін алуға болатынын сұрай аласыз. Сондай-ақ олар оқшаулану тəртібін түсіндіріп, пандемияға қатысты басқа да сауалдарыңызға жауап беретін болады.
– Біздің негізгі міндетіміз – қазіргі кезде коронавирус инфекциясының өршуіне байланысты тұрғындардың үйден шықпай, кəсіби медициналық тегін көмек алуын қамтамасыз ету. Call орталығының операторлары пандемияның таралуын тежеу үшін қандай шаралар жүргізіліп жатқанын, карантин талаптарын сақтау үшін не істеу керектігін айтып, ПТР тестін тапсыру жолдары туралы түсіндіріп береді, – дейді басқарма басшысы Марат Жұманқұлов.
Тұрғындар 109 нөміріне телефон шалу арқылы дəрігер көмегіне жүгінумен қатар, дəріханалардағы дəрі-дəрмек бағасының негізсіз қымбаттауына байланысты шағымдарын түсіруіне болады. Ал азаматтардың арызы арнайы мониторингтік топтарға жолданып, тексеру-зерделеу жұмыстары жүргізіліп, тиісті шара қолданылады.

Облыс əкімінің баспасөз қызметі

Leave A Reply

Your email address will not be published.