134 182 адам екпе салдырды

0 14

Бүгінгі таңда облыста коронавирус індетінің 9460 жағдайы тіркеліп, 4394 тұрғын пневмониямен ауырған. Соңғы тәулікте 14 адам дертке шалдықса, жалпы сауығып шыққандардың саны 8848 азаматты құрап отыр. Бұл жайында өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында облыс әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының басшысы Әсет Қалиев баян етті.

Басқарма басшысының сөзіне сүйенсек, коронавирустан 85 адам қаза тапқан. Инфекциялық стационарда 398 адам емделіп жатса, 47 науқас жан сақтау бөлімінде ем қабылдауда. Ал дертке қарсы екпе егу 42 пункте жүргізілуде. Оның 14-і қалада, 28-і аудандарда орналасқан.
– Ағымдағы жылдың 1 ақпанынан бастап облысқа Спутник V вакцинасының 1-ші компонентінің – 146650, 2-ші компонентінің 89700 дозасы, отандық 4000 доза QazCovid-in (2000 адамға) және 60 000 доза (30 000 адамға) Hayat-Vax және 34 000 доза (17 мың адамға) коронавак вакциналары жеткізілді.
15 маусымдағы жағдай бойынша барлығы 134182 адам вакцинацияланса, оның ішінде 14739-і медицина қызметкерлері (11 пайыз), 22385-і білім беру ұйымдарының қызметкерлері (16,7 пайыз), 17088-і күш құрылымының мамандары (12,7 пайыз), 2873-і мемлекеттік қызметкерлер (2,1 пайыз), 2441-і студент (1,8 пайыз), 509-ы әлеуметтік мекеме қызметкерлері (0,4 пайыз), 5073-і созылмалы аурулары бар тұлғалар (3,8 пайыз) және 69074-і басқа азаматтар (51,5 пайыз), – дейді облыс әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ә.Қалиев.
Екпе алған 134182 адамның бүгінде 67919-ы вакцинаның екінші компонентін алған. Екпе салдырғандар тарапынан денсаулығына теріс әсер беріп, шағым келтіргендер жоқ. Коронавирусқа қарсы иммундау осы жылдың соңына дейін жалғасады.

Саян ТІЛЕУЖАН

Leave A Reply

Your email address will not be published.