Бүгін Таразда республикалық айтыс өтеді

0 11

Бүгін Тараз қаласындағы Баласағұн орталық концерт залында Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығы мен Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығына арналған «Жамбыл – менің жай атым, халық – менің шын атым» атты республикалық ақындар айтысы өтеді.

Еліміздің төрт тарапынан жиналған 20 ақын өзара мықтыны анықтайтын аламан онлайн форматта өтеді. Айтысты ақын, еліміздің Еңбек сіңірген қайраткері, «Парасат» орденінің иегері Жүрсін Ерман жүргізбек. Алдын ала мәліметтер бойынша айтысқа Қазақстанның халық әртісі Асанәлі Әшімов, Мемлекет және қоғам қайраткері Мырзатай Жолдасбеков, әнші-композитор, Қазақстанның халық әртісі Алтынбек Қоразбаев, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Ғалым Жайлыбай, ҚР Мәдениет саласының үздігі Бауыржан Халиолла,  облыстық «Ақ жол» газетінің бас редакторы Оралхан Дәуіт және айтыскер ақын, ҚР Мәдениет саласының үздігі Ахметжан Өзбеков секілді танымал тұлғалар қазылық етеді.

Айтысты әлеуметтік желі арқылы ұйымдастырылатын тікелей трансляция арқылы тамашалауға болады. Ақындар аламаны сағат 10:00-де басталады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.