Тараздықтар қоныс тойын тойлады

0 11

БүгінҰлыстың Ұлы күні – Наурыз мерекесіне орай Тараз қаласы аумағында облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың қатысуымен бірқатар ауқымды шаралар өттіі.
Атап айтсақ, «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында қаладағы жаңа 15-ші шағын ауданда көпқабатты қос тұрғын үйдегі пәтер кілттері табысталды. Екі бөлмелі 45 пәтерден тұратын көпқабатты ғимаратқа қоныстанатындар қатарында 7 мемлекеттік қызметкер, 6 жетім бала, 15 толық емес отбасы, 2 мүгедек бала бар. Екі нысанның да құрылысын «Бином» ЖШС жүргізген.
Жалпы өңірімізде коммуналдық тұрғын үй қорынан пәтер алу үшін кезекте 32 мыңға жуық азамат тіркелген. Өткен жылдың өзінде пайдалануға енгізілген тұрғын үйлердің жалпы көлемі 250 мыңнан асады. Бұл 2019 жылдың деңгейімен салыстырғанда 110,9%-ға артты. Биыл барлығы 28 үй қолданысқа беріледі деп жоспарлап отырмыз. Яғни кезекте тұрған 620 адам баспана бақытына ие болмақ.
Сонымен қатар Тараздағы «Мамыр» саябағында «Асар» оңалту-сауықтыру кешені ашылды. Халыққа әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін жаңғырту мақсатында ашылған бұл кешен «Айқын МСБ» ЖШС-ның демеушілігімен бой көтерді.
Жалпы аумағы 200 шаршы метрді құрайтын мекемеде 30 кабинет және тігін машиналары, лазер, тоқу, фрезер, ұнтақтағыш, бұрғылау станоктары орналасқан 8 шеберхана кабинеті бар. Нысан бір мезетте 60 адамды қабылдай алады.
Сондай-ақ, «Таза табиғат» жобасы аясында қала аумағында 14756 тал – дарақтар отырғызылды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.