185 мың жамбылдық біржолғы әлеуметтік төлем алды

0 14

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сай өткен жылы карантиндік шектеу шараларына байланысты табысынан айырылған адамдар 42500 теңге мөлшерінде біржолғы әлеуметтік төлем алуға мүмкіндік алды.

Бұл жайында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазір жағдайдың реттеле бастағанының алғашқы нышандары байқалады. Ахуалды толық тұрақтандыру үшін алдағы екі аптаның маңызы зор. Мұқтаж жандарға Үкімет шілде айына 42,5 мың теңге төлейді» деген болатын.
Жалпы бүгінгі таңда жамбылдықтар тарапынан 194 мыңға жуық бірегей өтініш түсіп, оның 185 мыңына әлеуметтік төлем тағайындалып, 11,9 миллиард теңге төленген. Төлем алуға өтінімдер egov.kz, 42500.enbek.kz порталдары және telegram-bot каналдары арқылы қабылданған.

Leave A Reply

Your email address will not be published.