"Көңілашар"

2020 жыл: оқиғалар, даталар, мерейтойлар

Written by Aray2005

«ARAI» жастар газетінің биылғы №1 санында «2020 жыл: оқиғалар, даталар, мерейтойлар» тақырыбымен көптеген деректер мен мәліметтерді оқырман назарына ұсынған болатынбыз. Бұл тұрғыда төл тарихымызда есімі алтын әріптермен жазылған тұғыры биік тұлғалардан бөлек есімі елге елеулі азаматтардың да мерейтойлары қамтылды. Дейтұрғанмен тізімді түзу барысында ішінара кемшіліктердің де кеткенін жоққа шығармаймыз. Сондықтан да газет жанашырлары мен оқырмандарынан кешірім сұрай отырып, мерейтойлар туралы мәліметтерді толықтыра түскенді жөн көрдік.

Редакциядан

  • Қазақстанның Еңбек Ері, «Қазфосфат» ЖШС бас директоры, облыстық мәслихаттың депутаты Мұқаш Ескендіров – 60 жаста.
  • Қордайдан шыққан тұңғыш ғалым, академик Нығмет Сауранбаевтың туғанына – 110 жыл.
  • Қазақстан прокуратурасындағы тұңғыш генерал Нұрғали Смағұловтың туғанына – 110 жыл.
  • Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық колледжіне – 100 жыл.
  • Белгілі балалар жазушысы Сансызбай Сарғасқаевтың туғанына – 95 жыл.
  • Байзақ аудандық «Ауыл жаңалығы» газетіне – 80 жыл.
  • Т.Рысқұлов аудандық «Құлан таңы» газетіне – 80 жыл.
  • Белгілі балалар ақыны, журналист Кәріпжан Нүсіптің туғанына – 80 жыл
  • Дәрігер, қоғам қайраткері, Қазақстанның еңбек сіңірген қызметкері, КСРО «Денсаулық сақтау үздігі» белгісінің иегері, Жамбыл облысының Құрметті азаматы Амантай Біртановтың туғанына – 75 жыл
  • Ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасының иегері Қайырбек Асанов – 75 жаста.
  • Ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, «Меркі ауданының Құрметті азаматы», «Қазақстан Республикасы Білім беру ісінің үздігі» Шырын Мамасерікова – 75 жаста.
  • Филология ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Ұлттық Ғылым Академиясының академигі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан Республикасы Президентінің бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы сыйлығының лауреаты, Қазақстан Жазушылар одағы мен Қазақстан Журналистер одағының мүшесі Намазалы Омашев – 70 жаста.
  • Жоғары санатты хирург және денсаулық сақтау ісінің үздігі, медицина ғылымдарының докторы, профессор, Нью-Йорк Ғылым академиясының және Қазақстан Журналистер одағының мүшесі Сағындық Ордабеков -70 жаста.
  • КСРО құрамасының және «Қайрат», «Энергетик» (Тараз) командаларының қорғаушысы, қазақтың даңқты футболшыларының бірі Сейділда Байшақов (28.08.1950) –70 жаста.
  • «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері, Тараз қалалық қоғамдық кеңесінің төрағасы Қаржаубай Бекболатов – 70 жаста.
  • «Қазфосфат» ЖШС-і минералды тыңайтқыштар зауытының директоры Төлепбек Исаев – 65 жаста.
  • Айтыс өнерінің дүлдүлі, «Талас ауданының Құрметті азаматы» Шорабек Айдаров- 65 жаста.
  • Облыстық мәслихаттың депутаты, «Araı» газетінің жанашыры Масат Берік – 65 жаста
  • Ақын Бауыржан Үсеновтің туғанына – 60 жыл.
  • Ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының лауреаты Ғайни Әлімбекқызы – 60 жаста.
  • Қазақстан Республикасы Суретшілер одағының мүшесі, мүсінші Айдархан Сихаев – 60 жаста.
  • «Қазақстанның Еңбек Ері», «Шәушен» шаруа қожалығының төрағасы Сайранбай Дөненбаев –
    55 жаста.
  • Рио Паралимпиадасының чемпионы, суда жүзу спортынан әлем біріншілігінің жеңімпазы, ІІ дәрежелі «Барыс» орденінің иегері Зульфия Габидуллина – 55 жаста.
  • Республикалық және халықаралық байқаулардың лауреаты, белгілі суретші-мүсінші, карикатурашы Қали Қорласбаев – 55 жаста
  • Айтыскер ақын, «Асыл арна» телеарнасының директоры, «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері», «Дарын мемлекеттік сыйлығының» иегері Мұхамеджан Тазабеков – 45 жаста.
  • Ақын, тележурналист Нәзира Бердалы – 40 жаста.
  • «Арыс-Шу» теміржолының аралығындағы электр­лен­ген учаскенің іске қосылғанына –30 жыл.

ПІКІР