Жамбыл жаңалықтары

25 мамырға жоспарланған Халыққа қызмет көрсету орталықтарының ашылуы кейінге шегерілді — Жедел штаб

Written by Aray2005

Соңғы күндері аймақта коронавирус індетін жұқтырушылардың саны күрт көбеюіне байланысты (22 мамыр 20 жағдай, 23 мамыр — 10 жағдай) 2020 жылдың 25 мамырынан бастап карантин шаралары жеңілдетілмейтін болды. Жамбыл облыстық жедел штабы осындай шешім қабылдады.

Атап айтқанда, Халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмысын қайта іске қосу кейінге шегерілді. Карантин шараларын жеңілдету мәселесі жедел штабтың кезекті отырысында өңірде қалыптасқан эпидемиологиялық ахуалға сәйкес қаралады.

Қазіргі таңда, Жамбыл облысында коронавирус жұқтырғандардың саны 259 адамға жетті, 118-і Тараз қаласында тіркелді. Осыған байланысты, өңір тұрғындарын тиісті шектеулер мен ескертулерге бей-жай қарамауға шақырамыз. Карантин талаптары сіздердің және жақындарыңыздың қауіпсіздігіне бағытталған. Тұрғындар жағдайға барынша түсіністікпен қарап, жауапкершілікті сезініп, ережелерді қатаң сақтағанда ғана нәтиже береді.

ПІКІР