26 жастағы Тоқаевтың сенбілікте түскен суреті жарияланды
Қазақстан Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-тегі парақшасында Қасым-Жомарт Тоқаевтың жас кезіндегі суретін жариялады.
«1979 жыл. Подмосковьедегі сенбілік. Бұл кезде Қасым-Жомарт Кемелұлы КСРО Сыртқы істер министрлігінде атташе қызметін атқарып жүрген болатын», – деп жазған Берік Уәли.
Кадрларда Мемлекет басшысы ақ жейде мен джинсы киген.