300 мектеп вакциналау орталығына айналады

0 0

Үндістанда коронавирустан бір күнде қайтыс болғандар саны бойынша ең жоғары көрсеткіш тіркелді.

Елдің Денсаулық сақтау министрлігі таратқан мәлімет бойынша, бір күн бұрын 3689 адам ажал құшқан. Осыған байланысты билік вакциналау науқанын жеделдетуге кірісті. Ел астанасы Нью-Делидегі мектептерде бірнеше екпе орталығы ашылды. Бұл орындарға негізінен 18-45 жас аралығындағы тұрғындар шақырылады. Билік өкілдерінің жоспары бойынша, кемінде 300 мектеп вакциналау орталығына айналмақ.

«Мүмкіндігінше вакцинаны тезірек салдырыңыздар. Бұл өте маңызды іс-шара. Ковидтің екінші толқыны үлкен қауіп төндіріп тұр. Барлық адамды екпе қабылдау арқылы індеттің таралуын бірге тоқтатуға шақырамын», деді екпе салдырған тұрғын Раджат Дайал.

egemen.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.