Жамбыл жаңалықтары

Рождество мейрамы тойланды

BENQ DIGITAL CAMERA
Written by Aray2005

Бүгін өңірдегі жергілікті православ діни бірлестігі қасиетті Рождество мерекесін атап өтті. Қайырымдылық пен шынайы сүйіспеншілікті ұлықтайтын христиандардың діни мерекесі елімізде 2007 жылдан бастап мемлекеттік мереке ретінде аталып келеді.
Осы мерекеге орай облыс әкімінің бірінші орынбасары Бекболат Орынбеков орыс православ шіркеуіне бас сұғып, дін өкілдерін мерекелерімен құттықтады. Шарада сөйлеген сөзіндеБекболат Серікбекұлы ұлттар мен ұлыстар арасындағы бейбітшілік пен келісім берік сақталған тәуелсіз елдің болашағы баянды болуын тіледі.

Сондай-ақ облыс әкімінің бірінші орынбасары елімізде халықтар достығының маңыздылығын, Елбасымыздың дана саясатымен мемлекетімізді Отанына балаған жүздеген ұлт өкілдері тату әрі ынтымақты ғұмыр кешіп жатқанын тілге тиек етті.  Сонымен бірге бұл шараға облыс әкімдігі басқарма басшылары мен Тараз қаласы әкімінің орынбасарлары қатысып, дін өкілдеріне тілектес екендерін жеткізді. Өз кезегінде орыс провославтық шіркеуінің протоиерейі Георгий әкей сөз алып, жиналған жамағатты мерекемен құттықтап, облыс әкімінің бірінші орынбасарына алғысын білдірді.

ПІКІР