46 жастағы әйелді ұрлаған күдіктілер қолға түсті

0 52

Полицияға Тараз қаласының тұрғыны хабарласып, 46 жастағы жақын туысының кенеттен жоғалып кеткені туралы хабарлаған.

Аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 125-бабымен (Адам ұрлау) шұғыл түрде сотқа дейінгі тергеу амалдары басталып, Полиция департаментінің жедел-тергеу тобы құрылған.

Полиция қызметкерлерімен жүргізілген кәсіби жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде екі күдікті анықталып, ұсталды.

Жәбірленушіні полицейлер Жамбыл ауданындағы ауылдардың бірінен тапты.

Полиция генерал-майоры Ж. Сүлейменов аталған қылмыстық істің тергеп-тексеру барысы ерекше бақылауында екенін атап өтті.

Leave A Reply

Your email address will not be published.