5 шақырымға жүгіруден әлемдік рекорд орнатты

0 1

Кениялық Беатрис Чепкоеч 5 шақырымға жүгіруден әлемдік рекорд орнатты. Спортшы бұл жетістікке Монакодағы жарыста қол жеткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Reuters агенттігіне сілтеме жасап.
Чепкоечтің мәре сызығын 14 минут 43 секундта қиды. Бұл – нидерландылық Сифан Хассанға тиесілі бұрынғы әлемдік рекордтан бір секундқа жақсы көрсеткіш.
Чепкоеч 29 жаста. Ол кедергілер арқылы 3 мың метрге жүгіруден қазіргі әлем чемпионы. Бұл спорт түрінен ол әлемдік жетістікке ие – 8.44,32.

Leave A Reply

Your email address will not be published.