Жамбыл жаңалықтары

6 мыңға жуық медициналық анықтама заңсыз берілген

Written by Aray2005

Жамбыл облысында медициналық анықтамалардың саудаланғаны анықталды.

Өңірдегі бірқатар медициналық мекемелердің қызметкерлері анықтама үшін халықтан ақша алып отырған.  Заң бойынша бұл құжатты тұрғындар электронды түрде тегін алуы тиіс. Нақтылап айтсақ, наркологиялық және психоневрологиялық диспансерде тіркеуде тұрған, тұрмағандығын анықтайтын құжат заңсыз беріліп келген. Бұл әрекеттер аталмыш анықтамалардың берілу механизімінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері барма, жоқ па, осы мәселерге талдау жұмыстарын жүргізу барысында анықталған.

«Меркі аудандық орталық ауруханасынан 50 адам анықтама алып, 100 мың теңгеден аса ақша төлепті. Ал Тұрар Рысқұлов ауданында 117 адамнан 67 мың теңге алынған. Жалпы өңірде 6 мыңға жуық анықтама заңсыз берілгендігі белгілі болды. Сондай-ақ әлі де 086-формадағы медициналық құжаттарды беру кезінде саудаласу мәселелері байқалып жатыр»,-дейді ҚР МҚІСЖҚІА Жамбыл облысы бойынша департамент басшысының орынбасары Нұрлан Еркебаев.

inform.kz

ПІКІР