7-20-25: Жамбылда пәтер алуға мүмкіндігі бар азаматтар саны 3 есе артты

0 0

Бағдарлама арқылы ипотекалық несиенің алғашқы жарнасының 30 пайыздан 20 пайызға төмендеуіне байланысты, Жамбыл облысында пәтер алуға мүмкіндігі бар азаматтардың саны 3 есеге артқан.

Жолдаудың өмір сүруге жайлы орта қалыптастыру басымдығы бойынша және Елбасының «Бес әлеуметтік бастамасының» бірінші бағыты аясында Жамбыл облысында бірқатар жобалар іске асырылуда.

«Бүгінде Тараз қаласындағы қажетті инфрақұрылыммен қамтамасыз етілген 462 га жер телімінде жаңа екі мөлтек аудандарының құрылысы басталды. Аталған аудандарда «7-20-25» бағдарламасы аясында ұсынылатын 480 көп қабатты және 969 жеке тұрғын үй құрылыстары басталып, ағымдағы жылы 10 көппәтерлі үй (800 пәтер), 2019 жылы – 25 үй (1 380 пәтер) пайдалануға тапсырылуы жоспарланған. Жалпы, осы жылдың 10 айында «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» облыстық филиалы арқылы 5,7 млрд. теңгені құрайтын 768 несие берілген. «7-20-25» бағдарламасының шарттарымен екінші деңгейлі банктерге жалпы сомасы 284,5 млн. теңгеге 34 өтініш қолдау тапқан» – дейді облыс әкімінің орынбасары Еркебұлан Дауылбаев.

Сондай-ақ, «7-20-25» кредиттеу бағдарламасы аясында әкімдік пен Ұлттық банкінің филиалы, бағдарламаға қатысушы банктер арасында бірлескен іс-қимыл жоспары бекітілген. Облыста бір пәтерге ең жоғарғы заем сомасы орта есеппен 12,0 миллион теңге болса, бір айға төлемақысы 85 мың теңге, ал ең төменгі 5 млн.теңге несиеге айлық төлемақы 35 мың теңгені құрайды.

«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» филиалында бүгінд 45 мыңға жуық салымшыдан 10 миллиардтан астам қаражат жиналған. Айта кету керек, келесі жылға 465 мың шаршы метр тұрғын үй құрылысы жоспарланып отыр. Жоспарда бюджет есебінен 28 көппәтерлі тұрғын үйдің және 6 жаңа алқаптың инженерлік инфрақұрылымның құрылыстары бар.

Соның ішінде, 20 көппәтерлі үйді «7-20-25» бағдарлама аясында тұрғындарға беру көзделіп отыр.  Биылғы жылға 720 пәтерлі 9 кредиттік тұрғын үй құрылысын бастауға бағалы қағаздар есебінен қосымша 725 миллион теңге бөлінді.

inform.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.