7 700 жамбылдық коронавирусқа қарсы екпе салдырды

0 3

Жамбыл облысына 2021 жылдың 1 ақпанынан бастап Спутник V вакцинасының екі компонентінің 7 700 дозасы келіп түсті.

2021  жылғы 29 наурызға   дейін Спутник V вакцинасының  1 компонентімен 7 700 адам екпе алды, оның ішінде – 4562 медицина қызметкері (59,3%), 1403 – педагог (18,2%),  ІІД, ҰҚКД қызметкерлері – 44 адам (0,6%), 18 – білімгер (0,2%), 1 –  әлеуметтік мекеме қызметкері (0,01%), 11-  мемлекеттік қызметкер (0,1%), 1661 – басқалары (21,6%).

Алғашқы егуді алған 7700 адамның ішінде 21 күннен кейін – 1527-сі (19,8%)  Спутник V вакцинасының 2 компонентімен екінші егуді алды, оның ішінде : 1398 – медицина қызметкері (91.6%), 77 – педагог (5,0%), 52 -басқалары (3,4%).

Барлық егілгендерде вакцинациядан кейін реакциялар мен асқынулар болған жоқ. Алдағы уақытта вакцинация жүргізу – вакцинаның аймаққа түсуіне байланысты  жалғастырылатын болады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.