70 кәсіпорын жұмысшыларына 837 миллион теңге қарыз

0 16

Биылғы, яғни 2021 жылдың 31 қаңтарындағы жағдай бойынша елімізде 70 кәсіпорын өз қызметкерлеріне 837 миллион теңге қарыз. Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Шәпкенов кеңейтілген алқа мәжілісінде мәлімдеді.
«Өткен жылдың қорытындысына сәйкес 4,4 мың жұмыс беруші 7 мыңнан астам талап бұзушылықты жойды. 31 мыңнан астам жұмыскердің құқықтары қорғалды, оларға жалақы бойынша 4,2 миллиард теңгеден астам берешек төленді. Дегенмен жалақы бойынша берешек мәселесі әлі де сақталуда. Биыл 31 қаңтардағы жағдай бойынша 70 кәсіпорында қарыз 837 миллион теңгені құрады. Банкрот немесе оңалтудағы кәсіпорындардағы берешек ерекше алаңдаушылық туғызады, оның үлесі жалпы соманың 78%-ын құрады», – деді С.Шәпкенов алқа жиынында.

Leave A Reply

Your email address will not be published.