850 дәрігер вакцина салдырды. Аз ба, көп пе?

0 6

2021 жылдың ақпан айынан бастап елімізде Ресейде шығарылған Гам-КОВИД-Вак («Спутник V») вакцинасымен КВИ-ға қарсы вакцинация жүргізілуде. Бұдан әрі, вакцинация Қарағанды фармацевтикалық кешенінің базасында өндірілген Гам-КОВИД-Вак вакцинасымен жүзеге асырылады. 2021 жылдың 2 тоқсанынан бастап отандық өндіріс – QazCovid-In препаратымен вакцинациялауды бастау жоспарланып отыр, ол қазіргі уақытта клиникалық сынақтардың 3-кезеңінде тұр.
Вакцинация вакцинаның түсуіне байланысты кезең-кезеңімен жүзеге асырылады. Бұл ретте бірінші кезекте, коронавирустық инфекцияны жұқтыру және тарату қаупі жоғары халықтың осал топтары вакцинацияланып, одан әрі иммундауға жататын халықтың қалған топтары қамтылатын болады.
Бірінші кезеңде жұқпалы аурулар ауруханаларының, жедел медициналық көмек, реанимация, АМСК, қабылдау бөлмелерінің медицина қызметкерлері, санэпидқызмет қызметкерлері вакцинациямен қамтылады.
Екінші кезеңде вакцинация жалпы білім беретін мектептердің, жоғары оқу орындарының педагогтарын, бірінші кезеңге кірмеген медициналық қызметкерлерін қамтиды.
Үшінші кезең мектеп-интернаттардың, мектепке дейінгі балалар мекемелерінің педагогтарын, студенттер мен созылмалы аурулары бар адамдарды, медициналық-әлеуметтік мекемелердің қызметкерлерін қамтиды. Бұдан басқа, кейіннен халықтың қосымша осал топтарын қоса отырып, контингентті кеңейту жоспарлануда.
Коронавирустық вакцина 21 күндік аралықпен екі кезеңмен енгізіледі. Бірінші доза антиденелердің аз мөлшерін өндіруге байланысты қысқа қорғаныс әсерін береді. Екінші доза біріншісінің әсерін күшейтеді және бекітеді, адам ағзасындағы антиденелер саны артады.
Жамбыл облысында 850 медицина қызметкерлері коронавирус инфекциясына қарсы вакцина қабылдады. Вакцинациялаудың бірінші кезеңіне кірмеген медицина қызметкерлерін егу әрі қарай жалғасатын болады.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі

Leave A Reply

Your email address will not be published.