9 млн-ға жуық мемлекеттік қызмет көрсеткен

0 1

Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Нұрділдә Ораз былтыр ведомство 9 миллионға жуық мемлекеттік қызмет көрсеткенін айтады.
«Ішкі істер министрлігі мемлекеттік қызмет көрсету процестерін оңайлату, олардың сапасы мен халыққа қолжетімділігін арттыру бойынша жұмыстарды жалғастырып келеді. Өткен жылы министрлік құрылымдары 9 миллионға жуық мемлекеттік қызмет көрсетті. Бүгінде ішкі істер органдары көрсететін 40 қызметтің 38-і немесе 95 пайызы автоматтандырылған», деді ресми өкіл онлайн режимдегі брифингіде.
Олардың ішіндегі көп сұранысқа ие – автокөлікті тіркеу, оған 2 миллион 366 мың адам жүгінген.
«2 миллионнан астам азаматқа жеке басты куәландыратын құжат берілді. Миллионға жуығы жүргізуші куәлігін алған. 2 миллионнан астам қазақстандық тұрғылықты жері бойынша тіркелді. Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев атап өткендей, ІІМ-нің Мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы ең басты ұстанымы – қызметтерді автоматтандыру, жеделділігін арттыру, ашықтығын қамтамасыз ету және сыбайлас жемқорлықты азайту болып табылады», – деді Н. Ораз.

Egemen.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.