Жамбыл жаңалықтары

А. Мырзахметов «Үлгілі-2005»-тің егіс алқабында болды

Written by Aray2005

Облыс әкімі Асқар Мырзахметовтың Байзақ ауданындағы жұмыс сапары Үлгілі ауылдық округіндегі «Үлгілі-2005» ЖШС-нің жай-күйімен танысуымен жалғасты. Серіктестік басшысы Бақытжан Еркебаев бүгінде пияз егу жұмыстарының қызу атқарылып жатқандығын жеткізді.
2005 жылы құрылған серіктестіктің 3622,5 гектар жері бар болса, оның 720,9 гектары егістік алқаптары. Барлығы 7 ауылшаруашылық техникасы бар. Бүгінде көктемгі дала жұмыстарымен шаруашылықта 10-нан аса адам тер төгуде екен.

ПІКІР