Жамбыл жаңалықтары

А. Мырзахметов қарқынды алма бағының жұмысымен танысты

Written by Aray2005

Облыс әкімі «SV Агро» ЖШС-нің 150 га қарқынды алма бағының жұмысымен танысты. Жоба құны 5,3 миллиард теңге болатын бақта алма және шие ағаштары өсірілуде. Көшеттер Польша, Ресей, Италия мемлекеттерінен әкелінген. Маусым кезінде мұнда 100-ден аса адам жұмыспен қамтылады.
Серіктестік жетекшісі Мейірлан Бейбітбекұлы шаруашылық жұмысын жандандыру үшін қосымша жер керектігін жеткізді.

Айта кетсек, ЖШС-ға 2017 жылы жеміс-жидек бағын өсіру мақсатында 1000 гектар жер “Жер заңнамасының кейбір нормаларын қолдануға мораторий енгізу туралы” ҚР Президентінің 2016 жылғы №248 Жарлығының талаптары бұзыла отырып жеке меншік құқығымен берілген. ЖШС жердің 472 гектарын жеміс-жидек бағын егуге жарамсыздығына байланысты өз еркімен мемлекетке қайтарған. Ал қалған 528 гектарын толық игеріп отыр. Бүгінде шаруашылық басшысы қосымша 700 гектар жер беруді сұрап отыр.

ПІКІР