"Шабыт"

«Абайды жырла «ARAI»-да!»

Written by Aray2005

Парасаттың пырағы

Мен қазақ қызымын!
Тәуелсіз елде туылдым.
Абайды оқып, ойлар туды санамда,
Ақтарылды шабыт келіп қаламға.

Жалғастырған даналықтың жемісін,
Өнегемен қазына ғып ел ішін.
Мәңгі жанған ақыл-ойдың шырағы,
Болашаққа ізгіліктің тұмары.

Ғазиз де өзі, ғұлама да, ғажап та,
Дара туған, бақ боп келген қазаққа.
Саналарын саялатса суатқа,
Жетер ұрпақ баба ізімен мұратқа!

Абайым – адамзаттың ғұламасы,
Парасат пен парыздың мұнарасы.
Жыл сайын еске алып, ұлықтайды,
Ұрпағыңыз мәңгі сізді ұмытпайды!

Фирдаус Абдурахманов,
Тараз қаласы, №13 орта мектептің
7-сынып оқушысы

 

Абай – өшпес мұрамыз

Абай – дана, Абай – дара, Ұлы ақын,
Кең далама күн боп шашқан шуағын.
Қара сөзбен ақ жол ашқан ғаламға,
Қара жерден тапсадағы тұрағын.

Абай – тарих, оқуға парыз ғылым,
Жастарға азық болар нағыз бүгін.
Сан мың күйге түсірер жүз оқысаң,
Жүрегіне жол табар жаны ізгінің.

Абай – үміт, кейбір пәс надандарға,
(Зауқым жоқ заманымды жамандарға)
Бұл күні иманы аз жеткіншекке,
Сермер қару семсердей қалам ғана.

Абай таудай құламас тұғыр нағыз,
Тектілігін жоғалтпас ұғынған қыз.
Суық заман өтіне жүрек тоңып,
Алау жырдың отына жылынғанбыз.

Қарыздармыз жырлардың мақпалы үшін,
Әдебиетте ақ таң боп атқаны үшін.
Абай өшпес мұрамыз, мирас болған,
Абай менің мәңгілік мақтанышым!

Аружан Залимтораева,
А.Пушкин атындағы №41 көпсалалы гимназияның 8-сынып оқушысы

 

Алтыннан қымбат әр сөзі

Өлең сөздің патшасы – Абай атам,
Қиыннан қиыстырған ер данасы.
Абай деген ой салар асқақ тұлғам,
Алатаудан жоғары ел бағасы.

Сөзі Абайдың толқытар теңізді де,
Адалдық пен әділдік тілегені.
Ең ізетті ғибраты, ең ізгі де,
Мың ұрпаққа өсиет бір өлеңі.

Терең таным, терең ой, зор мағына,
Алтыннан қымбат екен әрбір сөзі.
Оқшау кіріп қалың ой орманына,
Мыңмен мұң боп күресті жалғыз өзі.

Бұлтарыс пен қалтарыс көп бұл шақта,
Мұралары медет болар жаныңа.
Мен секілді ізін басқан ұрпаққа,
Қара сөзі – сарқылмайтын қазына.

Біз де міне, арман болып ұлғайдық,
Сіздің ақыл шөлдегенге шын байлық.
Өмір – күрес жеңе алмайды оны ешкім,
Өзіңе ұқсап аяғына тұрмай нық.

Батырхан Бейсембек,
Керімбай атындағы №12 мектеп-гимназияның 10-сынып оқушысы

 

Өсиетіңді жеткізем замандарға

Оқулықтан сүйіп оқимын Абай ата,
Ащы-тұщы өлеңдердің дәмін тата.
Өзіңдей ақылды да дана ақын,
Бұл өмірге аралап тумас қайта.

Абай ата, сыйынамын аруағыңа,
Жалғызсырап қарасам жан-жағыма.
Ақындығың енді маған келіп қонды,
Ілінген балықтай боп қармағыма.

Енді сендей бұл өмірге туар ма адам?
Ештеңеден тайсалмай жасар қадам.
Өзің жайлы күрескер болсам деймін,
Өсиетіңсіз оған да бар ма шарам.

Үлгі болған үмітшіл адамдарға,
Өсиетіңді жеткізем замандарға.
Сізден қалған қауырсын бізге аманат,
Қанатымды самғаймын қағам да алға.

Қара өлеңің жаныма қуат берген,
Өзің жаққан шырақтан шуақты емгем.
Сыр төгілген маржандай сөздеріңнен,
Дарияға айналған бұлақ көргем.

Абай ата кетпесін суға салың,
Сыйлайды сені әрқашан жұртың қалың.
Әлі сені әлемге мен танытармын,
Шығып тұрса ауыздан от, сөзден жалын.

Жанерке Сайлау,
Талас ауданы, Ақкөл ауылы Ы.Алтынсарин атындағы мектептің 9-сынып оқушысы

ПІКІР