Абдуллаевтар отбасындағы айрықша қуаныш

0 1

Жамбыл ауданының Қызылшарық ауылындағы көпбалалы отбасы қоныстойын тойлады. Жалпы ауданда «Асарлатып үй салу» жобасы аясында 14 мұқтаж отбасы баспаналы болды.

Баспана бақытына ие болған Бақытжан Абдуллаев жұбайы екеуі алты бала тәрбиелеп отыр. Төрт бөлмелі кең үйдің құрылысына ауыл тұрғындары мен жергілікті кәсіпкерлер 12 миллион теңге жұмсаған. Барлық қажетті инженерлік желілер тартылып, ауласы асфальтталған.
– Облыс бойынша 100-ден астам отбасы үйлі болғанынан хабардармын. Таңдау отбасыма түскенін естігенде, қуаныштан төбем көкке жетті. Мен аудан басшылығына, ауылдастарыма шын жүректен ризашылығымды білдіргім келеді. Алла Тағала сіздердің игі істеріңіз үшін жүз есе сауаптан жазсын, – деген Бақытжан Абдуллаев ағынан жарылып, қуанышымен бөлісті.
– Облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың бастамасымен қолға алынған жоба тұрғын үйге мұқтаж отбасылар үшін үлкен демеу болуда. Игі шара міндетті түрде жалғасатын болады. Бұл біздің халқымыздың жанашырлығы мен қамқорлығының жарқын көрінісі, – деді аудан әкімі Сәкен Арубаев.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі

Leave A Reply

Your email address will not be published.