"Заң және біз"

Адам саудасына тосқауыл

Written by Aray2005

Қазіргі таңда елімізде адам саудасы мәселесінің өзектілігі күн санап артуда. Осыған орай жыл сайын жазғы демалыс қарсаңында «Бала еңбегін қанауға қарсы 12 күн» атты ұлттық ақпараттық науқан өткізіледі.

Айтулы науқанға орай облыс әкімдігінің білім басқармасында «Бірге адам саудасын тоқтатайық» атты дөңгелек үстел отырысы өтті. Жиын барысында облыстық білім басқармасы балалар құқығын қорғау бөлімінің бастығы Маржан Арын баяндама жасап, күн тәртібіндегі мәселенің өзектілігіне тоқталды.
– Кәмелетке толмағандар арасындағы ақпараттық бағдарламалардың рөлі ерекше. Себебі көбінесе алданып, сеніп қалушылардың басым бөлігі кәмелетке толмағандар. Сондықтан мектеп оқушылары мен студенттер арасында үгіт-насихаттық жұмыстарын көбейту керек. Халық көп келетін орындарда адам саудасы мәселесімен айналысатын қоғамдық ұйымдардың нақты мәліметтері көрсетілген ақпараттық бюллетеньдер, басылымдар, плакаттар, буклеттер таратылып, сынып сағаттарында таныстырылу қажет. Сондай-ақ арнайы мектеп бұрыштамасын жасау керек. Балалардың құқықтық сауаттылығы басты назарда болуы тиіс, – деді баяндамашы
Әлеуметтік зерттеулердің көрсетуінше, мұндай жағдайлар көбіне аз қамтылған отбасыдан шыққан жетім, мигрант, мүгедек, үй-ішілік зорлық-зомбылықтың құрбаны болған кәмелетке толмаған жәбірленушілер, спиртті ішімдіктер мен есірткі қолданатын балалар адам саудасының құрбанына жиі айналады.

Аяулым Ишанбекова,
ТарМу-дың журналистика мамандығының
1-курс студенті

ПІКІР