Адам жанына араша болдыңыздар

0 8

– Коронавирус кеселі өмірдің қадірін ұғындырды. Жаның мұрныңның ұшына келген сәтте ең бірінші әрине ақ халатты абзал жандардан араша сұрайсың. Өткен жылдың жаз айында ауырып, бас көтере алмай қалдым. Қос өкпем қысылып, тыныс алуым қиындап кетті. Жедел жәрдем шақыртып, өкпемді тексертіп едім, екі жақты пневмония деген диагноз қойды. Алғашқыда үй жағдайында емделуге әрекет етіп едім, халім күн өткен сайын нашарлай түсті. Сол себепті Мойынқұм ауданындағы орталық ауруханаға жатып, екі апталық терапиядан кейін бетім бері қарады. Екі жеті бойы күндіз-түні қасымнан табылып, ем-домын жасаған дәрігерлерге мың алғыс айтқым келеді. Егер ол кісілер болмағанда тірі қалар ма едім?
Кеселмен күресте ақ халатты абзал жандар өз өмірлерін тәуекелге тігіп, өзгенің өмірі үшін күресті. Науқасты емдеймін деп өздері де дертке шалдығып, бақилыққа аттанғаны қаншама. Бұл қаперлі індет бізге дәрігерлердің ауыр да қауіпті жұмысын көрсетті. Сондықтан барлық медицина саласының қызметкерлеріне өзімнің және отбасымның атынан шексіз алғысымды айтамын. Мың тағзым сіздерге, құрметті дәрігерлер!!!

Тілеукүл ЖАНБОЛАТОВА,
Мойынқұм ауданының тұрғыны

Leave A Reply

Your email address will not be published.