"Заң және біз"

Әділдік әркімнің өзінен басталады

Written by Aray2005

Тараз қаласының Көліктік бақылау инспекциясының қызметкеріне қатысты арнайы жиын өтті. Онда Жамбыл облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінен ұсынылған қорытындылардың нәтижелері қаралып, аталмыш инспекцияның қызметкерлер құрамындағы сыбайлас жемқорлық деңгейін барынша азайту бойынша алдын алу шараларын ұйымдастыру жайы сөз болды.

Айта кетейік, жақында Жамбыл облысындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметімен  Инспекцияның мемлекеттік қызмет және ұйымдастырушылық бақылау бөлімінің бастығына қатысты пара алу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалған болатын. Бөлім басшысы Қазақстан Республикасының аумағында ауыр және көлемді көлік құралдарын өткізуге арнайы рұқсат беру үшін бірнеше рет қызмет алушылардан ақша алғаны анықталған. Нәтижесінде, ведомстваның басшысы мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын талаптарды белгілейтін нормативтік-құқықтық актілердің нормаларын бұза отырып, ауыр және ірі көлемді көлік құралдарына тиым салынған жолмен жүруге рұқсат бергені мәлім болды. Аталған дерек бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметімен жолданған ұсыныстар жеке Көліктік бақылау инспекция құрамының қатысуымен қаралған. Ал, бұл ьжолғы кездесуде Жамбыл облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі басшысының орынбасары Нұркен Исламов, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің Тергеу басқармасының қызметкері Шоқан Данияр заң талаптарын түбегейлі түсіндірді. Кездесуге қатысқан Көліктік бақылау инспекциясы қызметкерлерінің талап-тілектері де тыңдалды.

Тергеу басқармасының қызметкері Шоқан Данияр:

–Бұл жағдайды аталған лауазымды тұлғаны қадағалайтын жауапты тұлғалар тарапынан өз қарамағандығы бөлімдерге тиісті деңгейде ведомствалық бақылау жүргізбегендіктен деп тұжырымдауға болады. Мұндай әрекеттер қоғам мен мемлекеттің құқық қорғаушыларға, мемлекеттік қызметке деген сенімін жоғалтуға себепкер болып, Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметінің имиджіне теріс әсер береді. ҚР Мемлекеттің қызметі туралы Заңының 10-бабына сәйкес, мемлекеттік қызметшілер функцияларын өздерінің лауазымдық өкілеттеріне сәйкес жүзеге асыруға міндетті. Сондықтан, тиісті лауазымды тұлғалардың тәртіптік жауапкершілігін қатаң түрде қарау үшін және келешекте мұндай заңбұзушылықтарға жол бермеу мақсатында Жамбыл облысы бойынша Көлікті бақылау инспекциясына ұсыныс жолданғанды, -деп өөзінің ұсыныстарын да баяндады.

 Қорыта айтқанда, жемқорлықсыз қоғамды құру үшін әркім әділдікті өзінен бастау керегі нақты айтылдыы.

Қ.Рахметуллина

ПІКІР