«Ақ тілеулі сөзін арнады»

0 0

Зәуреш ҚАДЫРБЕКОВА,
Қордай аудандық орталық ауруханасының бас дәрігері,
облыстық мәслихаттың депутаты:

– Мынау жаһанды тығырыққа тіреген қауіпті пандемия кезінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өз үндеуі арқылы халқымызды сабырға, байсалдылыққа шақырып, жұртшылыққа ақ тілеулі сөзін арнағаны мені толғандырмай қоймады.

Расында қазір бұл қауіпті вирустың тек адам денсаулығына ғана емес, көптеген елдердің экономикасына да зор шығын келтіріп жатқаны түсінікті. Алайда, адам денсаулығынан, өмірінен артық ешнәрсе жоқ. Сондықтан дәл қазір Үкімет, жергілікті атқарушы билік қауіпті дерттің дендеп кетпеуі жолында шұғыл шешімдерді қабылдап, барлық сақтық шараларын күшейтті. Десе де, Елбасы айтқандай игі мақсаттағы іс-шаралардың бәріне жер-жерлерде бүкіл халық болып қолдау көрсеткеніміз жөн. Ол үшін мамандар айтқан нұсқаулықтардың бәрін бұлжытпай орындап, мүмкіндігінше үйден шықпай, жиын-тойларды, өзге де басқосуларды күрт тоқтата тұрғандарыңыз жөн. Міне дәл қазір күндіз-түні тынбай арпалысып жатқан дәрігерлер, полицейлер халықтан осыны өтініп сұрайды.

Тұңғыш Президент мақаласында «Әлемді өзгерту үшін әуелі өзіміз өзгеруіміз керек» деген үнді халқының ұлы қайраткері Махатма Гандидің өсиетін қанатты сөз етіп жақсы келтіріпті. Сол себепті, өзгерісті ең алдымен өзімізден бастасақ, әркім өз бойында гигиеналық мәдениетті қалыптастырса, біз бұл вирустың да жолын кесеміз.

Leave A Reply

Your email address will not be published.