Әкімдік ғимаратынан ер адам құлап, қайтыс болды

0 5

Оқиға Қарағанды қалалық әкімдігінің ғимаратында болған. 19 сәуірде 37 жастағы ер адам 4-қабаттың терезесінен құлап кетіп, алған жарақаттарынан көз жұмды.

«Марқұм техперсоналдың қызметкері болған. Қайғылы оқиғаның қалай болғаны әзірге белгісіз. Қарағанды қаласының әкімдігі тарапынан жерлеуді ұйымдастыруға көмек көрсетілді. Әкімдіктің барлық қызметкерлерінің атынан марқұмның туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтамыз», деді Қарағанды қаласы әкімінің баспасөз қызметінен.

Ер адам туған жері Қарқаралы ауданы Егіндібұлақ ауылында жерленді. Бүгінгі таңда полиция аталған дерек бойынша тергеу жүргізіліп жатыр.

egemen.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.