Ақын мерейтойына арналған байқау мәресіне жетті

0 11

Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдық мерейтойына орай облыстық халық шығармашылығы орталығы ұйымдастырған «Жырлайды жүрек» атты ән-жыр байқауының жеңімпаздары марапатталды.
Әділ-қазылардың шешіміне сәйкес, бас жүлдені Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасының қызметкері Гүлнұр Құрақбаева иеленді. Жүлделі I орынды К.Әзірбаев атындағы Жамбыл облыстық филармониясының әншісі Бекет Сейіткерім мен Ш.Уәлиханов атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасының қызметкері Назерке Ниязалы өзара бөлісті. Ал жүлделі II орын облыстық халық шығармашылығы орталығының қызметкері Бақтияр Көпжасаров пен Д.Қонаев атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының қызметкері Нұргүл Сағатбековаға бұйырды. Жүлделі III орынды Меркі аудандық тарихи-өлкетану музейінің қызметкері Дархан Сахов пен Сарысу ауданының мемлекеттік архиві қызметкері Ақтоты Ержанова олжалады.
Байқауға белсене қатысқандары үшін Ш.Мұртаза атындағы руханият және тарихтану орталығының кіші ғылыми қызметкері Дидар Апбасов, А.Тоқпанов атындағы қазақ драма театрының артисі Асан Зарина, Жамбыл облыстық орыс драма театрының артисі Өткір Нұрсейіт ынталандыру сыйлығына ие болды.
Жеңімпаздарды Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы басшысының міндетін атқарушы Сара Мадиева марапаттады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.