«Алаяққа алданғаным үшін арыздансам, мен де жауапқа тартыламын ба?

0 16

Оқырманның мүддесіне негізделген арнайы айдарымызға келген кезекті хат иесі баспаналы болуға асығып, алаяққа алданып, берген ақшасына да жете алмай қалғанын айтыпты. Енді заңға жүгінейін десе, ақша бергені үшін өзі жауапқа тартылып кетуден қорқып, өз құқығын да қорғай алмай отырғанын жеткізген. 

«Жақсы сенген танысым мемлекет тарапынан жеңілдетілген жалдамалы пәтерді кезегімді жылдамдату арқылы алып беремін деп,
1 миллион теңгенің үстінде ақша алды. Айтқан мерзімінде алып бермегенімен қоймай, бұл істі әбден сиырқұйымшақтандырып жіберді. Ал мен оған берген соншама қаржыны несиеге алған едім, қарызға батқаным өз алдына, не алған пәтерім жоқ, не өз қолыммен берген ақшам жоқ, ақырында қиын жағдайда қалдым. Егер ол кісіні сотқа берсем, мен де жауапқа тартыламын ба?»

«Қорғау» орталығының облыстағы филиалының бас маманы, заңгер Баян Құрбанова:
– Егер алаяққа алданған кісі мемлекеттік қызметкер болса, өз қызметін асыра пайдаланғаны үшін міндетті түрде жауапқа тартылады.
Ал негізінде алданғанын дәлелдей алатын нақты дәлелдері бар болса, шағымданып, құқығын қорғауына болады. Ақша бергені үшін өзінің де жауапқа тартылу, тартылмауын сот шешеді. Қайткенмен де үй кезегінде тұрған азаматтардың бәрі де заң алдында бірдей құқылы. Сондықтан пара беріп, өз кезегін жылжыту – заңсыздық.

Leave A Reply

Your email address will not be published.