"Тылсым"

Альдебаран – алып шоқжұлдыз

Written by Aray2005

Космостағы Альдебаран шоқжұлдызы туралы естіген­дер болмаса, оның жаратылысы хақында көпшілік білмейді. Альдебаран Күннен 100 есе үлкен жұлдыз. Оны тек мықты телескоп арқылы көруге болады. Ал ең таңғаларлығы, Күнге Жер планетасы секілді мың ғаламшар сыйып кететінін ескерсек, Альдебаран шоқжұлдызының алыптығын елестете беріңіз.
Тағы бір қызықты дерек, Күн мен Жердің арасы 150 миллион шақырым. Бұл қазіргі ғарыш кемелерімен 20 жылда жетуге болатын қашықтық. Ал Жерден Альдебаранның алыстығы 65 жарық жұлдызды құрайды.
Осыдан 46 жыл бұрын АҚШ — тың Канаверал мүйісінен ұшырылған «Пионер-10» ғарыш аппараты қазір біздің галактикадан шығып, Альдебаранға қарай бет алып барады. Егер бұл құрылғы істен шықпай, алдынан ештеңеге соғыспаса, ол енді 2 миллион жылдан кейін Альдебаран шоқжұлдызына жетеді деп күтілуде.
Ал енді 2 миллион жылдан кейін Жер шары бола ма, жоқ па, ол кезде мұнда қандай адамдар өмір сүретінін елестетудің өзі қиын.
Ол аз десеңіз, ғалымдар космоста Альдебараннан мың есе үлкен басқа да жұлдыздар бар деп отыр. Алайда әзірге адамдардың оны жерден байқауға немесе бақылауға мүмкіндігі жоқ. Ол тек 2030 жылға қарай Айға телескоп орнатылғаннан кейін ғана мүмкін болады.
Иә, Галактика ғаламатының құпиясын түсініп болу мүмкін емес. Кім білсін, бәлкім, ғалымдар ғасырлар бойы бас қатырып келе жатқан жатпланеталықтар сол шоқжұлдыздарда мекен ететін шығар. Енді оны 2 миллион жылдан кейінгі ұрпағымыз көре жатар.

Саятхан САТЫЛҒАНОВ

ПІКІР