Алексей Цой ресейлік «Спутник V» вакцинасын салдырмайтынын айтты

0 10

Еліміздің Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында коронавирусқа қарсы ресейлік «Спутник V» вакцинасын емес, отандық вакцинаны салдыратының себебін айтты.

– Қазақстанда вакцинацияға рұқсат етілген барлық вакцина тексерілді және қауіпсіз. Қазір ресейлік «Спутник V» вакцинасын министрліктегі, өңірлік Денсаулық сақтау басқармасындағы әріптестеріміз салдырды. Бұл вакцина тиімді әрі қауіпсіз. Ал қазақстандық QazCovid-in вакцинасы әзірленіп жатыр. Оның технологиясы өзгеше. Бұл – инактивтендірілген вакцина. Қазір клиникалық сынақтың үшінші кезеңі жүріп жатыр және біздің қатаң бақылауымызда.

Вакцина жақсы нәтиже көрсетіп жатыр. Мен Денсаулық сақтау министрі ретінде қазақстандық вакцинаны қолдағым келді. Вакцина шыққан соң Қазақстанда вакцинациялауға ресми түрде рұқсат етілген кезде, алғашқылардың бірі болып отандық вакцина салдырамын – деді Денсаулық сақтау министрі.

Бүгінге дейін 3000 ерікті екпе салдырған.

Leave A Reply

Your email address will not be published.