Жамбыл жаңалықтары

Әлем тарихында көшпелілердің ежелгі және ерекше өркениеті үлкен маңызға ие

Written by Aray2005

Жуалы ауданына жұмыс сапары барысында облыс әкімі Бердібек Сапарбаев Бурное-Октябрьскі көне қалашығында болды.

Бұл аймақтың тұрғындары оны Баркуаб деп те атайды. Араб саяхатшысы Убайдалла ибн Абдалла ибн Хордадбек өз жазбаларында елді мекенді осылай деп келтірген. 1893 жылы Ұлы Жібек Жолының бойындағы осы елді мекенді тапқан белгілі ғалым Василий Бартольдтаың жазбаларынан бұл елді мекен туралы кездестіруге болады.

2018 жылы басталған қалашықтың егжей-тегжейлі қазба жұмыстары әлі күнге жалғасуда. 2018 жылға дейін бұл аймақта тек барлау экспедициялары жүргізілген.
«Арк ғылыми ұйымы» ЖШС директоры Ескендірбек Төрбековтың айтуынша, 2018-2019 жылдар аралығында біздің дәуірімізге дейінгі II ғасыр – біздің дәуіріміздің V ғасыры, біздің эрамызға дейінгі VI — XIII ғасырларға жататын 3000-нан астам артефактілер табылды.

Бүкіл керамикалық ыдыстар, керамика фрагменттері, ұн тартқыштар, тасты диірмендер табылған.

Археологиялық жұмыстар облыстық бюджеттен бөлінген қаражат есебінен жүргізілуде.

Қазба жұмыстарын Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институтының қызметкерлері атқаруда. Оған тек өңіріміздің ғана емес, сонымен қатар Түркістан облысынан да келген еріктілер атсалысуда.

Тарихи ескерткіштерді қорғау бойынша «Asyl Mura» волонтерлік жобасын «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігі жүзеге асыруда.
«Үлкен аумақты алып жатқан Бурное-Октябрьскі қалашығын Қаңлы империясының гүлдену кезеңіне жатқызуға болады. Қала орнында қазір Нұрлыкент, Теріс, Бақалы ауылдары орналасқан»,- дейді Е.Төрбеков.

Облыс әкімі артефактілермен танысып, қазба жұмыстары жүргізіліп жатқан ғимаратқа аралап көрді. Аса бүлінбеген қабырғалар, күмбез түріндегі төбелер, кең дәліздер және шағын бөлмелер барынша сақталған. Археологтардың пайымдауынша, сол кездегі адамдар мұнда салт-жораларғыларын өткізген.

Бурное-Октябрьскі қалашығы Жамбыл облысының киелі жерлерінің географиясына енетін Қазақстанның оңтүстігіндегі Ұлы Жібек Жолының солтүстік тармағының бойындағы 37 негізгі туристік нысандар тізіміне кірген.

Ескендірбек Төрбеков қалашықтың өңірімізде ерте кезден-ақ сәулет, құрылыс, сауда, ауыл шаруашылығы, әсіресе егін шаруашылығының жақсы дамығандығының дәлелі екенін атап өтті.
Айрықша айтып өтетін жағдай, сол кездегі ирригациялық жүйелердің бүгінгі күнге дейін бұзылмағандығы. Сондай-ақ, Еуропа елдері мен ежелгі Русьтен айырмашылығы бұл қалашық тұрғындары сол кезде-ақ су құбырлары және кәріз желілерін салып, пайдаланған.

— Біздің халқымыз әрқашан Шығыс пен Батыс өркениеттері арасындағы байланыстырушы негіз болған. Біздің ата-бабаларымыздан көптеген ғылым-білім, жаңа өнертабыстар тараған. Көшпелілердің ежелгі және ерекше өркениеті әлем тарихында үлкен маңызға ие. Бұл осы қалашық аумағындағы қазба жұмыстары барысында тағы бір дәлелденіп отыр, — деп атап өтті Бердібек Сапарбаев.

ПІКІР