Әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 120 миллионнан асты
Әлемде COVID-19 індетіне шалдыққандар саны 120 миллионнан асты.
Джонс Хопкинс университеті сайтындағы соңғы мәліметке сәйкес, әлем елдерінде коронавирус барлығы 120 млн 180 мың 835 адамнан анықталды.
Оның ішінде вирустан қайтыс болғандар саны – 2 млн 656 мың 623 науқасты құрады.
Коронавирус ең көп тараған елдердің алғашқы бестігінде: АҚШ, Бразилия, Үндістан, Ресей, Ұлыбритания орналасқан.