Қоғам

Әлеуметтік көмек көрсетілуде

Written by Aray2005

Президентіміз Қасым-Жормарт Тоқаев төтенше жағдай режимін 11 мамырға дейін ұзартты. Қазақстандықтар үшін бұл маңызды шешім, себебі бұл аса қауіпті, тез жұғу ықтималдығы жоғары індет. Біз жақындарымыз өміріне жауаптымыз, сондықтан бұл шешімді дұрыс деп санаймын. Covid19 вирусы өздігінен жоқ болып кетпейді, сол себепті болып жатқан жағдайға жауапты қарау керекпіз. 16 наурыздан бастап, осы уақытқа дейін төтенше жағдай режимі күшейтілген болатын. Қаламызда қоғамдық көліктер тоқтап, жеңіл автокөліктердің қалада жүруіне шектеу қойылды. Мекемелер мен кәсіпорындар қашықтықта жұмыс істей бастады. Төтенше жағдайға байланысты жұмысынан айырылған азаматтарға әлеуметтік көмек көрсетілуде. Сонымен қатар, 2020 жыл еріктілер жылы болғандықтан, волонтерлар жұмысты белсенді жасап жатыр. Яғни еліміздің жағдайы төмен отбасыларға әлеуметтік көмек көрсетуде. Бұл дегеніміз президентіміздің әрдайым дұрыс шешім қабылдауында. Еріктілер үшін көптеген мүмкіндік берілгендіктен, олардың саны артып, еліне адал қызмет етуде. Төтенше жағдай режимін бұзбай, үйде отыру бұл азаматтық міндет ретінде қабылдайық. Індет тарап кетпеу мақсатында, тәртіпке бағынайық. Сонда ғана біз бәрін жеңеміз. Президентіміз айтқандай, заңға сәйкес 11 мамырда төтенше жағдай режимі аяқталады. Ол үшін барлық талаптарды орындап, үйден шықпау керекпіз.

Абзал Есіркепов,

Тараз қалалық Жастар ресурстық орталығы директорының орынбасары

ПІКІР