Алғысым шексіз!

0 0

Еліде төтенше жағдайдың енгізілуімен жұмысым тоқтап қалды. Сөйтіп табыс көзінен айрылдық. Жұбайым болса малмен айналысады. Мал базар жабылып, қолдағы бордақылап отырған малды сата алмай қалдық.
Бүгінде Үкіметіміздің жұмыссыз қалғандарға 42 500 теңгеден көмек беріп жатыр дегенді естіп, өтінішімді өткізгенмін. Өтінішім мақұлданып, бір аптаның ішінде жәрдемақы қолыма тиіп, қуанып қалдым. Есеп шотыма түскен қаржыға отбасыма қажетті азық-түлік алдым.
Тұңғыш Президентіміз – Елбасы Н.Назарбаев пен Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа деген қамқорлығы үшін отбасымның атынан алғысымды білдіремін.
Дәл бүгінгідей жағдай әлемде, елімізде бірінші рет болып отыр. Бұл жағдай Үкіметіміз үшін де, халық үшін де оңай болып жатпағаны анық. Президент елімізде төтенше жағдай енгізілген уақыттан бастап халықпен бірге болып, сабырға шақырып, Үкімет тарапынан әсіресе, халықтың әлеуметтік аз қамтылған тобына көмек, қолдау болатынын жеткізген болатын. Сонымен бірге халықты бірігіп қиындықты еңсеруге шақырды.
Менің тілегім індетті ертерек жеңіп, бұрынғы қалыпты өмірімізге оралсақ деймін.

Меруерт Ахметова,

уақытша жұмыссыз.

Жуалы ауданы.

Leave A Reply

Your email address will not be published.