«Алқаптан сөреге дейін»

0 2

Бұл ауыл шаруашылығы саласын қаржыландырудың жаңа тетігі

Өңірлік коммуникациялар қызметінде агроөнеркәсіп кешендеріне көрсетілетін мемлекеттік қолдау шаралары бойынша онлайн баспасөз конференциясы өтті. Онда облыс әкімінің орынбасары Берік Нығмашев ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге «ҚазАгро» акционерлік қоғамы арқылы 6 пайыздық мөлшерлемемен несие берілетінін жеткізді.

– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес ауыл шаруашылығы саласын дамыту мақсатында 5 түрлі нақты іс-шаралар жүзеге асқалы отыр. Нақты айтқанда, енді қаржыландыру тетіктері кеңейтіліп, «Алқаптан сөреге дейін» атты қаржыландыру тетігі енгізілетін болады. Экспортты және импортты алмастыру ісін жүргізу қолға алынып, егіс алқаптары ұлғайтылады және өнімділік пен жалпы жинау тетігінің аясы кеңейеді. Сондай-ақ жобалық-сметалық құжаттамалардың сараптамадан өту рәсімдері жеңілдетіледі. Осының арқасында көптеген жұмыс орындары ашылып, отандық кәсіпорындардың жүктелімі артады және импортты алмастыру мәселелері шешімін табады деп күтілуде, – деді Берік Болатұлы.
Бұдан бөлек Берік Нығмашев өңірімізде ауыл шаруашылығы саласын дамыту мақсатында бөлінген тиісті қаржының жұмсалу ретін, мемлекеттік бағдарламалар аясында бөлінген субсидия мен несие қаржысының игерілу барысын кеңінен баяндады. Сонымен қатар облыста енгізілген карантиндік режим кезінде көктемгі дала жұмыстарын өз деңгейінде жүргізу үшін облыс аумағында шаруашылықпен айналысатын тұрғындарға қала, аудан аумағына кіріп-шығу үшін берілетін рұқсат қағаз злектронды түрде жүзеге асырыла беретінін тілге тиек етті.
Жалпы, мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан қолдаулардың арқасында осы жылдаң 4 айында облыс бойынша ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы көлемі 39 474,5 миллион теңгені құраған. Оның ішінде егін шаруашылығы өнімінің көлемі 512,4 миллион теңге болса, мал шаруашылығы өнімінің көлемі 38 942,7 миллион теңгеге жетіпті.

Н.БОЛАТҰЛЫ

Leave A Reply

Your email address will not be published.