Алпамыс Қазыбаев жаңа қызметке тағайындалды

0 29

 

Белгілі журналист Қазыбаев Алпамыс Шәменұлы «AULIEATA-MEDIA» холдингі директорының орынбасары болып тағайындалды.

Қазыбаев Алпамыс Шәменұлы 1979 жылы дүниеге келген. М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті  «Әлем тілдері» факультетінің «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәнінің мұғалімі мамандығын алған. Магистр.

2003 жылдан «Қазақстан» РТРК» АҚ Жамбыл облыстық филиалында диктор, редактор, редактор-корреспондент, аға редактор, «Қазақстан» ҰТА Жамбыл облысы бойынша меншікті тілшісі, Солтүстік Қазақстан облыстық «Қазақстан-Петропавл» телеарнасы директорының орынбасары-Бас редактор, Жамбыл облыстық «Ақ жол» газеті жауапты хатшысының орынбасары, облыстық «JAMBYL» телеарнасы директорының орынбасары-Бас редактор болып жұмыс істеген.

2018-2019 ж.ж. Жамбыл облыстық «Ақ жол» газеті директоры-Бас редакторының орынбасары, 2019 жылдың 2 тамызынан бастап бүгінге дейін «QAZAQSTAN» РТРК» АҚ Жамбыл облыстық филиалы директорының орынбасары-Бас редактор лауазымында қызмет атқарған.

jambylinfo.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.