Алтекеңнің еңбегі әлем назарында

0 0

«Талантты адам ұлтарақтай жерде тұрып, Жер шарына дауысын жеткізеді» дейді. Бүгінде белгілі фототілші, әріптесіміз Алтынбек Қартабайдың есімі тек елімізде ғана емес, алыс-жақын шет елге де мәлім. Өзі бармаса да шығармашылығы шартарапты шарлап жүр. Сөзіміздің айқын айғағы, жуырда Алтекеңнің еңбегі әлемге әйгілі ресейлік «fotokto.ru» сайты ұйымдастырған жобада «Стиль және фотомодельдер» айдары бойынша үздік ондыққа енді.
Әрине, бұл Алтынбек Қартабайдың алғаш қатысып отырған байқауы немесе алғашқы жетістігі емес. Әріптесіміздің шығармашылық жолындағы жетістіктерін тізбелеп шығу үшін бір тәулік те аз болар. Дегенмен, әлемдік деңгейдегі жоба болғаннан кейін үздіктер арасынан іріктеліп шығып, ондыққа енудің оңай емес екені анық. Сондықтан бұл жеңістің жөні бөлек. Әріптесімізді жарқын жеңісімен құттықтай отырып, шығармашылығына шалқар шабыт тілейміз!

«ARAI»-ақпарат

Leave A Reply

Your email address will not be published.