Ана тілімізді аустралиялықтар үйреніп жатыр

0 2

Мұндай жаңалықты еліміздегі белгілі саясаткер Расул Жұмалы Фейсбуктегі парақшасында бөлісті.
«Мынау Иуан Смит деген Австралияның жігіті. Ұлым Али оған қазақ тілін Интернет арқылы үйретіп, екі-ақ айдың ішінде кәдімгідей деңгейге көтерілді. Бәрекелді! Бірақ осыған қарап өмір-бақи Қазақстанда тұрып қазақша қақпайтындар қатты қынжылтады», дейді Р.Жұмалы.
Парақшадағы видеоның астында желі қолданушылары да түрлі пікір білдіруде. Көбіне аустралиялыққа тіл үйреткен қазақ жігітіне алғыс бідіріп, «Бәрекелді, жарайсың» деген тілегін жеткізуде. Енді біреулері «Бәрі ниетке байланысты», «Ниеті дұрыс адам үйренеді» деп өзіміздің қазақ тілін меңгеруді қиын көріп жүрген отандастарымызға қарата ойын білдірген.

Leave A Reply

Your email address will not be published.