"АРАЙ" аруы-2018

«АraІ» аруы – 2018

Байқаудың басты шарты – үміткерлер фотосуретке ұлттық киім үлгілерімен немесе ұлттық әшекейлерді қолдана отырып түсуі қажет. Сонымен қатар, фотосурет пен өзі туралы қысқаша мәліметті редакция­мызға жолдауы тиіс. Таныстыру өлеңмен өрілсе, нұр үстіне нұр болары сөзсіз.
Ал, жеңім­паздар жыл соңында «ARAI» газетінің ресми сайтында ашық дауыс беру арқылы белгілі болады.

Ұлтым, салтым, дәстүрім – мақтанышым,
Арқалаған халқымның бақ, намысын.
Атым – Үміт, қазақ боп жаралғанмын,
Ата-анамның үмітін ақтау үшін.

Ұмтылатын әрдайым алға, шыңға,
Ұрпақ болып із салар әр ғасырға.
Қуанышпен қарсы алам рауандаған,
Әр таңды «Jambyl» телеарнасында.

Үміт Ильяс,
ТарМПУ-дың ІІІ курс студенті

ПІКІР