"АРАЙ" аруы-2018

«Аraі» аруы – 2018

Байқаудың басты шарты – үміткерлер фотосуретке ұлттық киім үлгілерімен немесе ұлттық әшекейлерді қолдана отырып түсуі қажет. Сонымен қатар, фотосурет пен өзі туралы қысқаша мәліметті редакция­мызға жолдауы тиіс. Таныстыру өлеңмен өрілсе, нұр үстіне нұр болары сөзсіз.
Ал, жеңім­паздар жыл соңында «ARAI» газетінің ресми сайтында ашық дауыс беру арқылы белгілі болады.

Кербез гүлін қырмызы кең даланың,
Теріп өскен мен де бір кер маралың.
Кітап оқып өткізер бос уақытын,
Гүлдей нәзік Гүлфайруз мен боламын.

Ардан артық аруға баға бар ма,
Елмен бірге көш түзеп дара жолға,
Көмектессем деймін мен еңбек етіп,
Мүмкіндігі шектеулі балаларға.

Гүлфайруз Жұмашова,
ТарМПУ-дың студенті

ПІКІР