"ARAI" аруы-2018

«ARAI» аруы – 2018

Written by Aray2005

Байқаудың басты шарты – үміткерлер фотосуретке ұлттық киім үлгілерімен немесе ұлттық әшекейлерді қолдана отырып түсуі қажет. Сонымен қатар, фотосурет пен өзі туралы қысқаша мәліметті редакция­мызға жолдауы тиіс. Таныстыру өлеңмен өрілсе, нұр үстіне нұр болары сөзсіз.
Ал, жеңім­паздар жыл соңында «АРАЙ» газетінің ресми сайтында ашық дауыс беру арқылы белгілі болады.

Гүліндей ғып еркелеткен кең далам,
Білім алу – маған басты қағида.
Аты нәзік затына сай мен болам,
Арда елдің ару қызы Нәзира.

Тұла бойға тұнған ән, жыр, өлеңі,
Бас иемін тарих, дәстүр-салтыма.
Болашақта қызмет еткім келеді,
Ақ халатты абзал жан боп халқыма.

Нәзира Сабыр,
«Болашақ» колледжінің
І курс студенті,
17 жаста

ПІКІР