«АraІ» аруы – Малика Аршабек

0 15

Былтырғы 2018 жылдың мамыражай мамыр айының 17 жұлдызында жарық көрген газетіміздің №20 (655) санында «ARAI» аруы» жобасын қолға алған болатынбыз.
Басылымның айтулы сұлулар сайысына бас-аяғы 18-29 жас аралығындағы 17 үкілі үміткер қатысты. Шарт бойынша әрбір ару өзінің ұлттық нақыштағы фотосуретін жолдап, 2 шумақ өрнекті өлеңмен өзін таныстыруы керек болатын. Осы күнге дейін редакция оқырмандарының ой-пікір лебіздері, дауыстары сараланып, жеңімпаз, яғни «ARAI» аруы анықталды. Ең көп оқырмандардың ұпайын жинап, жеңіске 18 жастағы Тараз қаласының тумасы, облыс орталығындағы Қаратай Тұрысов атындағы №53 мектептің түлегі, нақты уақытта өзі уәде еткендей әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде туризм саласы бойынша мемлекеттік грантта оқып жүрген Малика Аршабек лайық деп танылды.
Жас та болса ақылына көркі сай Маликаны жеңісімен һәм наурыз айындағы нәзік жандылардың мерекесімен шын жүректен құттықтай отырып, талабына толағай табыс тілейміз!

Leave A Reply

Your email address will not be published.